Елордада авиация саласындағы жүлде иегерлері анықталды

27 Сәуір 2023, 16:05
664
Бөлісу:
Елордада авиация  саласындағы жүлде иегерлері анықталды
PHOTO VIDEO
Фото: Видеодан скрин

Елордада «Эн-Кью-Зет Авиейшн Эуордс» жүлдегерлері анықталды. Астана әуежайының серіктес мекемелері 9 аталым бойынша марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24 сілтеме жасап.

Шара осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. «Чайна Саузэрн Эйрлайнс» алғашқы рейсін ұшырғанына 35 жылға жуықтады. Ол 1989 жылы құрылған. Азиядағы ең ірі тасымалдаушылардың бірі болған авиакомпания, Астана әуежайы ұйымдастырған жүлдеде екінші жыл қатарынан үздік атанып отыр. Ол «Адал серіктес» номинациясын иемденді.

Біздің авиакомпаниямыз Чайна саузэрн эйрлайнс 2 рет қатысып жатыр. Мұндай марапаттар осы әуе компания мен әуежай арасындағы серіктестікті жылдан жылға жақсартуға, жылдан жылға жақын жұмыс жасауға көмектеседі,- “China Southern Airlines” авиакомпаниясының өкілі Айнара Әли.

Астана әуежайының басқарма төрағасы Дәулет Хамзиннің айтуынша, бұл жүлденің өзіндік ерекшелігі бар. Оның мақсаты авиация саласының дамуына үлес қосу. Сондай-ақ серіктестер арасындағы ынтымақтастықты арттыру.

 

Биыл «Скай траст» ұйымдастырған ТМД және Орталық Азия елдерінің арасындағы сайыста Астана әуежайы үздік атанды. Әрине бұл біз үшін үлкен мәртебе әрі қуаныш. Бірақ бұл жерде тек өзіміздің ғана емес, серіктестеріміздің де үлесі бар. Сондықтан оларға да мотивация болсын деп, осындай жүлде ұйымдастырып отырмыз. Серіктестерімізге алғыс білдерімін!,- дейді “Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы” АҚ Басқарма төрағасы Дәулет Хамзин.

Елордада авиация  саласындағы жүлде иегерлері анықталды

Алдағы уақытта жүлдені дәстүрге айналдырып, жылда өткізу жоспарланып отыр. Жалпы Астана халықаралық әуежайында үш жарым мыңнан астам адам жұмыс істейді. Оның 100-ге жуық серіктес мекемесі бар.

Өзгелердің жаңалығы