Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

21 Сәуір 2022, 01:15
1579
Бөлісу:
Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы ауданы Жүргенов көшесі, 29 мекенжайында орналасқан №74 мектеп-гимназиясының жанындағы алаңда нарықтық бағадан 10-15%-ға төмен бағамен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңке күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Дәстүрлі түрде өнімдер нарық құнынан 10-15% төмен бағамен сатылады.

Мәселен, 10 кг ұнды 3150 теңгеге, «Цесна» макаронының бес келісін 1650 теңгеге, 5 литр күнбағыс майын – 4200-4400 теңгеге сатып алуға болады.

Күріштің бір келісі – 350 теңге, қарақұмықтың қаптамасы – 650 теңге. Сиыр етінің бір келісі 1950-2100 теңгеден, жылқы еті 2400-2500 теңгеден сатылады.

Сондай-ақ ассортиментте: жұмыртқа – 400-450 тг/10 дана; тауық еті (АҚШ) – 1180 тг/кг; қолдың майы - 3600 тг; картоп – 230 тг; сәбіз – 250 тг; қырыққабат – 400 тг; пияз – 200 тг; қияр – 650 тг; қызанақ – 950 тг; алма – 250 тг; банан – 850 тг.

Өзгелердің жаңалығы