Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада AgriTek/FarmTek Astana 2021 халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі басталды.
Көрмеде ауылшаруашылық техникасы мен қондырғылары, тұқымдар, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығына арналған технологиялар таныстырылды.
Көрмеде 8 елдің 100-ге жуық компаниясы ауыл шаруашылығы техникасын ұсынды.
Оның ішінде ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары, қосалқы бөлшектер, суару және тыңайтқыш технологиялары, тұқымдар мен көшеттер, тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау құралдары, құс шаруашылығы мен мал шаруашылығына арналған жабдықтар мен технологиялар, мал азығы, ветеринариялық технологиялар бар.
Көрме денсаулықты сақтау бойынша барлық талапқа сай өткізіліп жатыр.
Көрмеге Ashyq жүйесі арқылы кіруге ғана рұқсат бар.
Дүниежүзілік көрме қауымдастығы (UFI, www.ufinet.org) AgriTek/FarmTek Astana халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесінің тәуелсіз аудитін растады және осы оқиғаға «UFI Approved Event» белгісін беру туралы жариялады.
AgriTek/ Astana «UFI Approved Event» мәртбесiн алды.
Бұл белгі оқиғалардың жоғары дәрежеде ұйымдастырылуы мен статистиканың дұрыстығына кепілдiк береді.
Ресми статистикаға сәйкес, AgriTek/FarmTek Astana 2020 көрмесіне 4600 адам келді, олардың 93%-ы мамандар.
Айта кетейік, ауыл шаруашылығы көрмесі екі күнге созылады.