Елордада Әуезов көшесіндегі учаске жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды

<p> </p> <h4> <p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. </p> </h4> <p> </p>

2 Мамыр 2021 2021, 14:11
АВТОР
 2 Мамыр 2021 2021, 14:11
2 Мамыр 2021 2021, 14:11
1126

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әуезов көшесінде Дүкенұлы көшесінен Ә.Молдағұлова көшесіне дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Осыған байланысты осы жылдың 2-12 мамыр аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген басқарма хабарламасында.

 



Наверх