Елордадағы Триатлон саябағында 16 ақпан күні "Astana Winter Triathlon" қысқы триатлон жарысы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жарысқа елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген спортшылар қатысады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жарыстың мақсаты – бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
Жарыстың негізгі мақсаттары:
* Елордада бұқаралық спортты дамыту;
* тұрғындар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу;
* ашық ауада, оның ішінде қыс мезгілінде спортпен шұғылдануға мотивация беру;
* спорттың алдын алу шараларындағы рөлін арттыру;
* халықтың денсаулығын нығайту.
Қатысушылар мынадай қашықтықтар бойынша жарысады:
* Жүгіру кезеңі – 2,5 км;
* Велосипед кезеңі – 3 км;
* Шаңғы кезеңі – 2,5 км.
Жарысқа 100 адамға дейін қатыса алады. Жеңімпаздар жас ерекшеліктері мен жыныстық категориялар бойынша анықталады, ал 1, 2, 3 орын иегерлері марапатталады.
Өтетін уақыты: 09:00 – 12:30 (ауа райына байланысты өзгерістер болуы мүмкін)
Жарысты Астана қаласының триатлон федерациясы Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырады.