Бүгін Нұр-Сұлтандағы «Арқар» көпірі жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, 15 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Мәңгілік ел даңғылы мен Сарайшық көшесі қиылысындағы көлік айрығы учаскесінен Рақымжан Қошқарбаев даңғылына дейінгі «Арқар» (М1) көпірінің жол төсемін орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі.
Осыған байланысты 15-24 тамыз аралығында көпірді Рақымжан Қошқарбаев даңғылы бағытында 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Сарайшық көшесі бағытында жабылады, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін қаладағы Сейфуллин көшесінің Республика даңғылы мен Әуезов көшесі аралығындағы бөлігі толық жабылғаны хабарланған еді.
Елордада жол жөндеу жұмыстары қазан айына дейін жалғасады.