Елордада Әлихан Бөкейхан туралы танымдық-деректі фильмнің тұсаукесері өтті

5 Наурыз 2023, 18:27
1015
Бөлісу:
Елордада Әлихан Бөкейхан туралы танымдық-деректі фильмнің тұсаукесері өтті

Астана қаласының Мәдениет басқармасы мен «Музыкалық жас көрермен театры» бірлесіп «Әлихан Бөкейхан - ұлт азаттық күрескері» атты танымдық-деректі фильмінің тұсаукесерін өткізді, деп хабарлады BAQ.KZ Elorda.info-ға сілтеме жасап.

Екі бөлімнен тұратын танымдық-деректі фильмді әлихантанушы Тұңғышбай Мұқан немересі Медеу Әбеузармен бірге ізденісінің нәтижесінде жарық көрген. 

Алаш тақырыбын танып-білуде таптырмас дереккөзге айналған деректі фильм арнайы мемлекеттік тапсырыс та, коммерциялық жоба да, ғылым зерттеу де емес. Бұл немереміз екеуміздің Әлихан Бөкейхан тағдырының кейбір деректерін жинастырып, бүгінгі ұрпаққа, қарапайым жұртшылыққаттаныстыру мақсатында түсірілді. Деректі фильм «Алаш-Орда» автономиясының құрылғанына 105 жыл толуына және «Алаш-Орда» үкіметінің тұңғыш төрағасы Әлихан Бөкейхан есімінің Қарағандыдағы Октябрь ауданына берілгеніне бір жыл толу құрметіне арналып отыр,- деді Тұңғышбай Мұқан. 

Әлихантанушының сөзінше,  ұлт қайраткері туралы келтірілген кинотуындыға 30 жыл ішінде Арқа төрінде алаштықтарды зерттеуші ғалымдардың қатысуымен өткен маңызды шаралар арқау болған. 

Айта кетейік, фильм Қарағанды, Теміртау қалаларында және Әлихан Бөкейхан, Ақтоғай, Қарқаралы аудандарында көрсетіліп, көрерменнің көңілінен шығып үлгерді. 

Өзгелердің жаңалығы