Елордада әкесінің танысы 5 жастағы қызды зорлап кеткен

24 Наурыз 2023, 12:23
931
Бөлісу:
Елордада әкесінің танысы 5 жастағы қызды зорлап кеткен
Фото: kp40.ru

Астанада ер адам 5 жасар қызды зорлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ "Немолчи" қоғамдық қорына сілтеме жасап.

"Немолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің сөзінше, анасы жұмысқа кеткенде кішкентай бүлдіршін әкесімен үйде қалған. Қыздың әкесіне танысы келіп, екеуі ішімдік ішкен.

Бір кезде ер адам қызды оңаша апарып зорлаған. Анасы таңғы 6-да келгенде, қызды осы ер адамның жанынан тауып алған. Қыз қорқып: Анашым, қайда кеттіңіз? Бұл аға маған тиісті деп жылаған, - деп жазды Таңсәрі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі 8 наурызда аталған факт бойынша Есіл аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 124-бабы бойынша соталды тергеп-тексеруді жүргізгенін мәлімдеді.

Сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы негізінде тергеу мүддесі үшін соталды тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді, - делінген полиция хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы