Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елордада адасып қалған төрт жасар бала ата-анасына табысталды

Бүгiн, 00:30
72
Бөлісу:
 Астана қаласы ПД
Фото: Астана қаласы ПД

Елордада полиция қызметкерлері санаулы минуттар ішінде жоғалып кеткен төрт жасар баланы ата-анасына аман-есен қайтарды. Оқиға қала жағалауында отбасылық серуен кезінде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сырғанақ теуіп жүрген сәтте бала ата-анасынан көз жазып қалып, жалғыз қалған соң жылап жіберген. Мұны аумақты патрульдеп жүрген полиция қызметкерлері байқап, дереу көмекке келген.

Тәртіп сақшылары баланы тыныштандырып, оның ата-анасының қай жерде екенін жедел анықтады. Қысқа уақыт ішінде бала ата-анасына табысталды.

Баланың ата-анасы полицейлерге көрсеткен қамқорлығы мен жедел әрекеті үшін алғыс білдірді. Астана қаласының Полиция департаменті тұрғындарды көпшілік демалыс орындарында балаларға ерекше мұқият болуға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы