Бүгін елордада «Хабар» агенттігінің ұйымдастыруымен Азия-Тынық мұхиты елдерінің хабар таратушыларының одағы - ABU-дың 113-ші отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
16 елдің хабар таратушыларынан 17 өкіл қатысып жатқан жиынды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров ашып, әлемдік және отандық медиа саласындағы өзекті мәселелерге тоқталды. Кеңесті қабылдаушы тарап ретінде ABU аясында «Хабар» агенттігі қолға алған іс-шаралар туралы баяндадым, - деп жазды Берік Уәли.
Атап айтқанда, Одаққа мүше елдермен арадағы ынтымақтастықты арттырып, өзара тәжірибе алмасу, телеөнімдерімізді насихаттау, сыртқы нарыққа шығару, мамандарымыздың біліктілігін арттыру сияқты кешенді шаралар жүзеге асырылмақ.
Ынтымақтастығымыздың нақты бір көрінісі ретінде Агенттіктің екі қызметкері ABU-дың Куала-Лумпурдағы кеңсесіне 2 жылға тәжірибе алмасуға баратынын айтуға болады. Кеше Одақтың бас хатшысы Джавад Моттаги мырзамен тиісті құжаттарға қол қойылды. Мамандарымыз Одақ кеңсесінде қызмет етіп қана қоймай, біздің сол өңірдегі тілшілеріміз болады, - деп жазды ол.
Ол Үндістанда өтетін Одақтың Бас Ассамблеясында да аталған бағыттардағы ынтымақтастықты тереңдету жөнінде нақты ұсыныстар беруді жоспарлап отырғанын айтты.
Биыл қараша айында Үндістанда өтетін Одақтың Бас Ассамблеясында да аталған бағыттардағы ынтымақтастықты тереңдету жөнінде нақты ұсыныстар беруді жоспарлап отырмыз. Айта кететін жайт, 1964 жылы Азия және Тынық мұхиты аймағындағы елдердің теле-радио салаларын дамыту мақсатында құрылған ABU одағы - бүгінде әлемнің 67 елінде 253 мүшесі бар ең ірі медиа институт, - деп жазды Берік Уәли.