Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтандағы Ұлттық академиялық кітапханада "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар" әдеби сазды кеші өтті.
Қазақ өнерінің қайраткері, композитор Кентау Назарбектің шығармашылығына арналған әдеби сазды кеште "Абайдың өлеңі" және "Құнанбай" атты әндері мен "Қазағым жаса мәңгілік" ән жинағының тұсауы кесілді.
"Бүгінгі кешті Абай атамыздың 175 жылдығына арнап отырмыз. Кештің ерекшелігі Әділғазы Қайырбековтың сөзіне жазылған "Абайдың өлеңі" атты атамызға арналған өлеңнің тұсауы кесілді. Екінші жаңа әніміз Абайдың әкесі Құнанбай атамызға арналған. Оны Абай елінен келген шәкірттеріміз орындады.Сондай ақ, "Қазағым мәңгі жаса мәңгілік" атты ән-кітапшасының тұсауы кесілді. Осы жұмыстың барлығы Ұлттық академиялық кітапхана ұжымымен бірлесе жасалған жұмыстың нәтижесі" - деді композитор Кентау Назарбек.
Әннің авторы арнау үлкен ой мен толғаныстан туғанын және мұнда ақын әндерінің ұлылығы мен даналығына көп мән берілгенін атап өтті.
"Арнау әнді жазғанда көп ойландым. Қалай жазам деген сауал қатты мазалады. Ол үшін көп ойланып, толғандым. Біз ақынның құндылығы мен ұлылығына, жазған еңбегіңе ерекше мән беріп, әнді "Абайдың өлеңі" деп атадық. "Құнанбай" әні болса бұл ол танымдық дүние десек қателеспейміз. Абайдың мерейтойына Абай елінің тумасы болғандықтан, мұны ұрпақтық парызым деп білдім", - дейді композитор.
Тұсауы кесілген ән кітапшада қазақтың тарихына арналған көптеген әндер кірген.
"Елордадағы Оқушылар сарайында вокал бөлімінде тәрбиелік мәні бар әндерді үйретеміз. Мысалы соңғы уақытта балалар "Жастың оты қайдасың" романсы, "Жастық елі" әндерін үйренуде", - дейді Кентау Назарбек.
Шараның мақсаты ұлттық ән өнерін дамытып, тарихты ардақтауға үлес қосып, тыңдарманға ән мен өлең үндестігін жеткізу.