Елордада абаттандыру тұжырымдамасын әзірлеуге конкурс жарияланды

5 Тамыз 2022, 16:51
896
Бөлісу:
Елордада абаттандыру тұжырымдамасын әзірлеуге конкурс жарияланды

Елорданың Урбанистика орталығы Нұр-Сұлтандағы Есіл өзенінің бойындағы қоғамдық кеңістікті абаттандыру тұжырымдамасын әзірлеу бойынша конкурс жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған қатысуға Қазақстанның сәулетшілері, ландшафтық дизайнерлері мен урбанистері шақырылады.

Байқаудың негізгі мақсаты – Қазақстандағы түрлі конфессиялар мен ұлттар арасындағы ынтымақтастықты, достық пен бірлікті білдіретін табиғи-рекреациялық саябақ салу. Эскиздік ұсыныстар 2022 жылдың 20 тамызына дейін centerofurbanism@gmail.com электрондық поштасы арқылы «конкурс» белгісімен қабылданады, - деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Жеңімпаз ақшалай сыйлықпен марапатталады. Жұмыстарды әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын талаптар мен концептуалды міндеттер байқаудың техникалық тапсырмасында көрсетілген.

 

Өзгелердің жаңалығы