Елордада 900-ге жуық кәмелетке толмаған бала түнде қараусыз жүрген

19 Сәуір 2023, 17:05
592
Бөлісу:
Елордада 900-ге жуық кәмелетке толмаған бала түнде қараусыз жүрген
Фото: Polisia.kz

Елордада 900-ге жуық кәмелетке толмаған бала түнде қараусыз жүрген, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау, сондай-ақ жасөспірімдердің қадағалаусыз, қараусыз қалуының алдын алу мақсатында тұрақты негізде жергілікті-рейдтік пысықтаулар жүргізіледі.

Сағат 00:33-те “102” арнасына елорда тұрғынынан Янушкевич көшесіндегі үйден сағат 14:00 шамасында шыққан 12 жасар ұлын іздеуге жәрдемдесу туралы хабарлама келіп түсті.

Анасының айтуынша, ол көшеге ойнауға және одан әрі футбол секциясына баруы керек болған. Іздеу іс-шаралары барысында бала табылып, ата-анасына аман-есен тапсырылды. Заңды өкілге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ кәмелетке толмаған баламен ата-анасының қатысуымен мұндай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді. Ағымдағы жылдың басынан бастап 812 ата-анаға қатысты ескерту шығара отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Айта кету керек, заңды өкілдер баланың түнде үйден тыс жерде болуының бір фактісі үшін ғана ескертуге жатады.

Осындай фактілер бір жыл ішінде қайталанған жағдайда, материал ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігі бойынша жауапқа тарту үшін Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілуге жатады.

Осындай 33 факті анықталды. Сонымен қатар қаланың көңіл көтеретін мекемелерінің иелері ересек адамның сүйемелдеуінсіз 50 кәмелетке толмаған балаға мекемеде болуға рұқсат берген.

Астана қаласының полиция департаменті кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді, сондай-ақ ата-аналарға балалардың мінез-құлқын бақылауға алуды және қырағы болу қажеттігін ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы