Елордада 750 көпбалалы ана тіс протездеу қызметін тегін алады

18 Қазан 2019, 13:38
2328
Бөлісу:
Елордада 750 көпбалалы ана тіс протездеу қызметін тегін алады
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар жылына екі рет тіс протездеу түріндегі әлеуметтік көмекті ала алады. 2019 жылдан бастап бұл қызметке көп балалы отбасылар, АӘК алушылар жүгіне алады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада жыл сайын екі рет тіс протездеу түріндегі әлеуметтік көмекті көрсету көзделген. Медициналық қажеттілік болған жағдайда протез алдындағы ауыз қуысын санациялау, тіс жегісін емдеу, парадонт ауруларын емдеу, инъекциялар, рентгенг жасау сияқты медициналық манипуляциялар жасау арқылы тіс жұлдыра алады. Көмектің аталған түрі ҰОС қатысушылары, мүгедектерін мен оларға теңестірілген азаматтарға, жеңілдікке ие азаматтарға, мүгедектер, жасы бойынша зейнетке шыққан азаматтарға аз қамтыған топтан шыққан және көпбалалы отбасыларға көрсетіледі. 

"Аз қамтылдған топтан шыққан көпбалалы аналар" санаты аталған әлеуметтік көмекті алушылардың тізіміне 2019 жылы қосылды.

"Айта кетейік, тіс протездеу қызметін тек атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылатын көпбалалы аналар ала алады. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 2019 жылы 56250 теңге қарастырылған, бұл 56 250 мың теңге", - делінген таратылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы