Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 700-ден астам көппәтерлі тұрғын үй жаңа жылыту маусымына дайын. Бұл туралы жергілікті әкімдіктің ресми сайты хабарлады.
Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасынан хабарлағандай, 728 көппәтерлі тұрғын үйге тексеріс жүргізіп, жылу маусымына техникалық дайындығын растайтын актілер алынған. Бұл қаладағы тұрғын үй кешендердің 30% құрайды.
«Аталған мәселеге байланысты «Алматы» ауданы бойынша 233, «Есіл» ауданы бойынша 17, «Сарыарқа» ауданындағы 335 көппәтерлі үйге тексеру жүргізілді. «Байқоңыр» ауданындағы 143 тұрғын үй жаңа жылыту маусымына дайындығы расталды, - деді «Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ-нің басшы орынбасары Оксана Ибраева.
Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласындағы 2574 көппәтерлі тұрғын үйлер орталық жылу беру жүйесісіне қосылған. Басқарма тарапынан күн сайын қаладағы барлық тұрғын үйлерге «Жылыту, желдету және кондициялау» ҚР нормативіне сәкестігіне тексеріс жүргізілуде.