Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада көшеде велосипед теуіп жүрген 7 жасар баланы көлік қағып кетті.
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға кеше кешкі сағат 18:38-де орын алған.
14 маусымда кешкі сағат 18:38-де «Hyundai Tucson» көлігін тізгіндеген 27 жастағы жүргізуші Қосшығұлұлы көшесімен келе жатып, велосипед теуіп жүрген 7 жастағы баланы қағып кетті. Бала жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақатынан көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды, – делінген департамент ұсынған ақпаратта.