Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында 7 қаңтарда автобустар жүреді. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады.
Алда Рождество мерекесіне орай тағы бір демалыс күні болады. Алайда қоғамдық көлік әдеттегідей жұмысын жалғастырады. 7 қаңтарда автобустар жүреді, - делінген хабарламада.
Бетперде тағу режимін сақтауды ұмытпаған жөн, жолақы қолма-қол ақшасыз төленеді.