Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрайды, аталған көрсеткіш республикалық көрсеткіштен 0,3 %-ға төмен. Бұл туралы Елорда Инфо сайты хабарлады.
Елорда әкімдігі тарапынан жұмысқа орналастыруда мұқтаж азаматтарды көбірек қамту және оларды жұмыспен қамту мүмкіндігін кеңейту үшін шаралар қабылдануда. Атап айтқанда жұмысқа орналасуға тиімді көмек көрсету үшін бос жұмыс орындары тізімі үнемі жаңарып, толықтырылады. Бүгінгі күні мәліметтер базасында 728 жұмыс берушіден 6379 бос жұмыс орны бар. Оның ішінде, жалақысы 100 мың теңгеге дейін - 3001 жұмыс орны, жалақысы 100-150 мың теңгеге дейін - 2008 орын және жалақысы 150 мыңнан асатын 1,3 мыңнан астам бос жұмыс орны бар, - деп хабарлайды қалалық Жұмыспен қамту орталығы.Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрайды, бұл республикалық көрсеткіштен 0,3 %-ға төмен (4,8%).
Жастар арасындағы (15-28 жастағылар) жұмыссыздық деңгейі – 4,5% (жоспар 4,6%) және әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 4,6% (жоспар 4,8%) құрайды. Салалар бойынша, құрылыс – 1492, көлік және байланыс – 311, білім – 909, денсаулық сақтау – 678, сауда – 1069, өнеркәсіп – 542, тұру және тамақтану қызметтері - 318 және тағы басқа, - делінген хабарламада.Ведомствоның дерегіне сүйенсек, бүгінгі күні жұмысқа орналасу бойынша 18 217 адамнан сұраныс келіп түсіп, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 10 987 адам қамтылды (60,3%), соның ішінде бос орындарға 9 897 адам жұмысқа орналастырылды.
Елорда бойынша биыл азаматтардың жұмысқа орналасу көрсеткіші төмендегідей:
тұрақты жұмысқа – 6515;
уақытша жұмысқа – 92;
қоғамдық жұмыстарға – 2102;
жастар практикасы– 1019;
әлеуметік жұмыс орындары – 169.
Одан бөлек, сұранысқа ие мамандықтар бойынша 1 090 адам қысқа мерзімді курстарға жіберілді, оның ішінде: 852 - әйелдер, 277 - 29 жасқа дейінгі жастар, 46 - мүгедектер және 44 - үлкен және аз қамтамасыз етілгендер.
Жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында бос орындары жәрмеңкелері үнемі ұйымдастырылып тұрады. Жыл басынан бері "Жастар" сарайында 6 қалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі және Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз азаматтар үшін 14 шағын жәрмеңке, оның ішінде абақтыдан босатылған және пробация қызметінде тіркелген тұлғаларды, мүгедектерді жұмысқа орналастыру, қаланың білім беру жүйесі бар кадрларды іріктеу үшін және тағы басқа, - деп жазылған орталықтың ресми ақпаратында.