Елордада 5 маусым күні ауруханалардағы науқастар қалай дауыс береді?

31 Мамыр 2022, 23:25
1830
Бөлісу:
Елордада 5 маусым күні ауруханалардағы науқастар қалай дауыс береді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық және өзге де медициналық ұйымдарда емделіп жатқан пациенттердің референдумға қатысуы үшін медициналық мекемелер жанынан жабық учаскелер ұйымдастырылды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, республикалық маңызы бар мемлекеттік мекемелер мен медициналық ұйымдарды ескерсек, дауыс беруге арналған жабық учаскелер саны – 27. 18 жасқа толған пациенттерге, босанатын және босанған әйелдерге дауыс беру кезінде тиісті мәліметтерді толтыру үшін өзімен бірге жеке куәлігі болуы жеткілікті.

Жабық учаскелерде сайлау комиссиясы да жұмыс істеп, дауыс берудің ашықтығын қадағалайтын болады.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес ауруханалардың стационарлары мен акушерлік блоктарында карантин режимі әлі де жұмыс істейтінін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы