Елордада №34 автобус қозғалысы уақытша өзгереді

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №34 бағдардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Бұл туралы&nbsp;«Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.</h4>

 11 Маусым 2019 2019, 10:38
11 Маусым 2019 2019, 10:38
2416

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №34 бағдардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Бұл туралы «Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыөзен көшесінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №34 бағдардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. 

«Бағдар Мойылды көшесі арқылы қатынайтын болады. Бағдарлардың қозғалыс кестесінің өзгерістері туралы ақпаратты alrt.kz ресми сайтынан және Facebook және Instagram әлеуметтік желілердегі парақшалардан таба аласыздар», - делінген компанияның хабарламасында.

Наверх