Елордада 3 мыңнан астам бос жұмыс орны бар

22 Шілде 2020, 22:06
1364
Бөлісу:
Елордада 3 мыңнан астам бос жұмыс орны бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың барлық тұрғындары мемлекеттік бағдарламаға тұрғылықты жері бойынша тіркеумен де, онсыз да қатыса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Бүгінгі таңда "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020-2021" бағдарламасы аясында 107 инфрақұрылым нысандарында жұмыстар жүргізілуде. Қол еңбегіне сұраныс жоғары.
Жұмыс күшінің тапшылығы, мамандар жетіспеушілігі байқалуда. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" арқасында келісімге қол қойылды. Қазір жұмыспен қамту орталығы бізге дәнекерлеушілерді, электриктерді, жалпы жұмысшыларды жіберуде. Біз оларды осы бағдарлама бойынша жұмысқа аламыз, – дейді ASTI компаниясының инженері Руслан Зулпикаров.

Электрик Максим Веселков ұзақ уақыт жұмыс таба алмағанын айтады. Достары оған жұмыспен қамту орталығына хабарласуға кеңес берген. Ол орталықта жұмыссыздық бойынша тіркеуге алынды.
Біраз уақыттан кейін олар маған қоңырау шалып, осында жұмыс істеуді ұсынды. Маған жұмыс шарттары ұнады, медициналық тексерістен өтіп, құжаттарды күткендей тапсырдым. Қазір электрик болып жұмыс істеймін. Маған жұмыс ұнайды, жалақым уақтылы. Арнайы жұмыс киімі берілді, – дейді Максим Веселков.

Елордада "Жұмыспен қамтудың жол картасы"  іске асырылуда. Бүгінгі таңда 3929 адам жұмыспен қамтылды. 94 ұйыммен ниет хаттамалары жасалған. Қазіргі уақытта ЖҚЖК-да 3 мыңнан астам бос жұмыс орны бар.
Құрылыс компаниясы ретінде біз үшін Жол картасы үлкен көмек. Бүгінде біз 70-тен астам адамды жұмыспен қамтып отырмыз және мұнымен тоқтап қалмаймыз. Біздің жұмысымыз одан да көп жұмыс күшін керек етеді, шамамен 80 адамға қажет. Осы мүмкіндікті пайдаланып, жұмысқа мұқтаждардың барлығынан жұмыспен қамту орталығына хабарласуды сұраймын. Біз құрылыс жұмыстарында бұрын-соңды істемегендерді де оқытып, кәсіби бағдар береміз. Қазір олар да табысты жұмыс жасауда, – деді Руслан Зулпикаров.

Елорданың барлық тұрғындары тұрғылықты жері бойынша тіркеумен де, онсыз да ЖҚЖК мемлекеттік бағдарламасына қатыса алады. Анықтамалық ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 57 88 88 немесе 8776 146-28-62, 8747-108-21-96, 57-88-89, 72-93-62, 57-89-37 телефондары арқылы алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы