Елордада 25 жастағы бойжеткен пневмониядан көз жұмды

26 Маусым 2020, 17:22
1499
Бөлісу:
Елордада 25 жастағы бойжеткен пневмониядан көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың 25 жастағы тұрғыны пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

- 19 маусымда ауыр халдегі бойжеткен жедел жәрдем стансасына жеткізіліп, №1 қалалық аурухананың жан сақтау бөліміне орналастырылды. Ауруханаға түскен кезде қыз ентігіп, ауа жетпей жатқанына, дене қызуы барына, жалпы әлсіздікке шағымданған. Тынысы әбден тарылғандықтан қыздың жағдайы күрт нашарлаған, - деп хабарлады басқармадағылар.  
Дәрігерлер жүргізген барлық ем-дом шараларына қарамастан, бойжеткен 25 маусымда қайтыс болды. Қызға екі жақты полисегментальды пневмонияның асқынуы, тыныс алу жеткіліксіздігі сынды диагноз қойылған.

Өзгелердің жаңалығы