Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбі, 25 қазанда елордада қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС хабарлады. Дүйсенбі, 26 қазанда автобустар қайта өз жұмысын жалғастыратын болады.
Тұрғындарды санитарлық нормаларды сақтауға және автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынғанын ұмытпауға шақырамыз. Жол жүру ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу арқылы ғана төлеуге болады, - деп атап өтті «City Transportation Systems» ЖШС.
Бұған дейін хабарланғандай, қоғамдық көлікті арнайы дезинфекциялық құралдармен өңдеу күн сайын жүргізіледі. Соңғы аялдама пункттерінде жүргізушілер өздері дезинфекциялық ерітіндімен ылғалды тазалауды жүргізеді. Жолаушылар жиі ұстайтын тұтқа, турникеттерге және басқа элементтерге ерекше назар аударылады.
Бұдан басқа, көліктік бақылау және бақылау-желілік қызмет департаментінің қызметкерлері күн сайын көліктердегі жолаушылар мен қоғамдық көлік жүргізушілерінің бетперде режимін сақтауын тексереді. Автобустарда жол жүру төлемі тек қолма-қол ақшасыз жүргізіледі.