Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров мәлімдеді.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша елордадағы 14 пен 28 жас аралығындағы жастар саны 232 065 адам. 14 ЖОО-да 62 788 студент білім алады. Жұмыс істейтін жастардың саны 133 мыңнан асады. NEET cанатындағы жастардың үлесі 7%, - деп атап өтті ведомство өкілі.
Оның айтуынша, жастар саясаты – кең ауқымды, көпсалалы бағыт.
Тұрғын үймен, жұмыспен қамту, білім беру, жастардың шығармашылық дамуы, бос уақытын ұйымдастыру, жас отбасылармен жұмыс, жастарымызды жан-жақты қолдау – біздің басты міндетіміз. Солардың бірі – тұрғын үймен қамту. Бұл бағыттағы жұмыс қала басшылығының қолдауымен биыл да өз жалғасын тауып, жүйелі түрде іске асырылатын болады. «Елорда жастары» жұмыс істейтін жастарға жеңілдікпен несие беру бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау қазан айында басталған болатын. Қазіргі таңда 150-ге жуық несие берілді. Бағдарламаның қысқаша шарттары: несие сомасы 18 млн теңге, - деді Қайрат Қамбаров.