Бұл туралы Астана қаласы орталық коммуникциялар қызметінде өткен брифинг кезінде Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жанабаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елорданың дүкен сөрелеріне азық-түлікті үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетіліп келеді.
Қазіргі уақыттта агроөнеркәсіп кешені саласында инвестициялардың жалпы сомасы 88 млрд теңгені құрайтын, 22 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр.
Жалпы инвестициясы 18,35 млрд.теңгені құрайтын 72,3 мың тонна дайын өнімді ет комбинаты, нан зауыты, жартылай фабрикаттар, ұн және кондитерлік өнімдер шығару және қайта өңдеу бойынша өндірістік кешендердің құрылысы бойынша 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.
Сондай-ақ, өнімдерді өндіру бойынша польшалық Stokson компаниясымен завод салу, шетелдік инвестор тарту жобасының жалпы құны шамамен 5 млрд теңгегі құрайын жобаны жүзеге асыру қарастырылған. Одан бөлек жалпы сомасы шамамен 30 млрд теңгені құрайтын 2 тауар сақтайтын орталықтары, 1 қойма кешені, 3 көкөніс қоймасы бойынша инвестициялық жоба жүзеге жүзеге асқан. Сонымен қатар жалпы инвестиция сомасы 22,7 млрд. теңгені құрайтын жылдық қуаты 14 мың тонна 2 жылыжай кешенін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ақмола облысының өндірушісімен бірлесіп «Aqmol food» ЖШС елордамызда 2,6 млрд. теңге сомасына 4 жыл бойы жүргізілетін жәрмеңкені ашу бойынша инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Осы жыл бойы жүргізілетін жәрмеңкеде ӘМАТ өнімдері «егістіктен сөреге дейін» қағидасы бойынша сатылатын болады. Инвестицияның жалпы сомасы 9,8 млрд. теңгені құрайтын 2 базардың құрылысы жүргізілуде,-дейді Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жанабаев.
Оның айтуынша, елорданы қантпен қамтамасыз ету мақсатында Меркі зауытымен көлемі 3,5 мың тонна 1,6 млрд. теңге сомасына қантты жеткізу шартына қол қойған. Азық-түлік корпорациясы арқылы 1 сортты арзандатылған ұнды сату бойынша көлемі 5338 тонна астықты жеткізуге меморандум жасалған.