Елордада 10 ақпанда жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты басталады

6 Ақпан 2023, 22:17
1131
Бөлісу:
Елордада 10 ақпанда жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты басталады
Фото: Елорда әкімдігінен

2023 жылғы 10-12 ақпан аралығында Қазақстан астанасы жабық алаң ішінде жеңіл атлетикадан 10-шы Азия чемпионатын өткізеді. Ауқымды іс-шараға 500-ден астам спортшы қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Чемпионат «Qazaqstan» жеңілатлетикалық спорт кешенінде өтеді. Жарыс 2023 жылы Азия жеңіл атлетика қауымдастығының күнтізбесіндегі ең маңызды жеңіл атлетика іс-шараларының бірі болып саналады.

Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жабық алаң ішінде жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты ТМД елдерінің аумағында алғаш рет өткізіліп отыр. Жарысқа 30-дан астам елден келген спортшылар қатысады деп жоспарланып отыр. Жарыста спортшылар жеңіл атлетиканың 26 түрінен өнер көрсетеді, олардың арасында жүгіру, лақтыру, секіру және көпсайыс бар.

Жарыс бағдарламасы:

Әйелдер:
1. Жүгіру - 60 м;
2. Жүгіру-400 м;
3. Жүгіру - 800 м;
4. Жүгіру-1500 м;
5. Жүгіру-3000 м;
6. Кедергілермен жүгіру-60;
7. Ұзындыққа секіру;
8. Биіктікке секіру;
9. Үш секіру;
10. Сырықпен секіру;
11. Ядроны итеру;
12. Эстафета-4x400 м;
13. Бессайыс.

Ерлер:
1. Жүгіру - 60 м;
2. Жүгіру-400 м;
3. Жүгіру - 800 м;
4. Жүгіру-1500 м;
5. Жүгіру-3000 м;
6. Кедергілермен жүгіру-60;
7. Ұзындыққа секіру;
8. Биіктікке секіру;
9. Үш секіру;
10. Сырықпен секіру;
11. Гептатлон;
12. Эстафета-4x400 м;
13. Ядроны итеру

Жарыстың ашылу салтанатына Азия жеңіл атлетика қауымдастығының президенті – Дахлан Әл-Хамад, Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясының президенті – Даниал Ахметов, Азия жеңіл атлетика қауымдастығы кеңесінің мүшелері, Азия елдерінің ұлттық федерацияларының басшылары, сондай-ақ еңбек сіңірген спортшылар мен қазақстандық спорт қайраткерлері қатысады.

Өзгелердің жаңалығы