Елордада 1 желтоқсанда туған нәрестелерге құрмет көрсетті

1 Желтоқсан 2021, 16:55
997
Бөлісу:
Елордада 1 желтоқсанда туған нәрестелерге құрмет көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 жыл қатарынан Нұр-Сұлтанда Тұңғыш Президент күніне орай 1 желтоқсанда дүниеге сәби әкелген әйелдерді құттықтап келеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық ауруханалардың акушерлік блоктарында 30 қарашадан 1 желтоқсанға қараған түні 16 қыз, 11 ұл, барлығы 27 бала дүниеге келді.

Тұңғыш Президент күні туған сәбилердің аналарын қала әкімінің орынбасары Асхат Оралов пен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов құттықтады.

Оларға Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің атынан алғыс хаттар мен жаңа туған нәрестелерге балалар комбинезоны түріндегі сыйлықтар табыс етілді.   

Сіздерді сәбидің дүниеге келуімен және 1 желтоқсан мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін сіздер үшін қос мереке. Сіздерге және балаларыңызға зор денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Сәбилер еліміздің мақтанышы болып өссін, - деді Асхат Оралов.

Еске сала кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада "30 игі іс" ұранымен әлеуметтік және қайырымдылық іс-шаралары өтуде. Бұл эстафетадағы ең басты мақсат - қала мен оның тұрғындары үшін игі іс жасау.

Өзгелердің жаңалығы