Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 сәуірден бастап елорда әуежайына жолаушыларды тасымалдайтын барлық ұшақтың қонуына рұқсат берілмейді, деп хабарлайды ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің баспасөз қызметі.
1 сәуір күнгі сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан әуежайы барлық халықаралық тұрақты және эвакуациялық жолаушылар ұшағын қабылдауды тоқтатады, – делінген хабарламада.Сондай-ақ, ведомство мәліметіне сай, Алматыда да 1 сәуірден бастап рейстерді қабылдау тоқтатылады. Ал халықаралық жолаушылар әуе рейстері Қазақстанның басқа әуежайларына қарай бағытталатын болады.