Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы КВИ-дің мүмкін деген жаңа толқынында тұрғындарға психологтарды тарту арқылы психологиялық көмек көрсететін болады.
Емханалардың бейінді мамандары осы бағытта жұмыс істеуге тартылатын болады.Қала тұрғындарында КВИ бойынша сұрақтар туындаған кезде халықты толық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін емханалардағы Call-орталықтардың жұмысын күшейтеміз. Біздің психологтар халықтың толғандыратын сұрақтарына жауап беруге, психологиялық қолдау көрсетуге дайын, - деді басқарма басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.Call-орталықтардың телефондары басқарманың, қалалық медициналық ұйымдардың сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.
Сондай-ақ амбулаториялық көмек деңгейінде пациенттерді оңалту бойынша жұмыс халыққа әзір.