Елорда прокурорлары кәсіпкерлер құқын қорғады

12 Қараша 2024, 18:45
246
Бөлісу:
Елорда прокурорлары кәсіпкерлер құқын қорғады

Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокуратурасының жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топқа келіп түскен сигнал бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестік басшыларының заңсыз әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеру барысында прокурорлар екі басшының азық – түлік дүкендеріне барғанын және сатушылардан жарамдылық мерзімі өткен азық-түлік туралы бұзушылықтарды хабарламауы үшін ақша талап еткені анықталды. Осылайша, қорқытып алу арқылы 7 кәсіпкердің әрқайсысынан 25 мың теңгеден иеленген, - делінген ақпаратта.

Прокуратураның нұсқауы бойынша полиция органы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Сот үкімімен кінәлі тұлғалар ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі 2), 3) тармақтары бойынша адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған қорқытып алушылық үшін сотталды. 

Сотталғандардан материалдық залал өндірілді. Үкім заңды күшіне енді. Прокуратура қоғамдық бірлестіктердің бақылау-қадағалау функциялары жоқ екендігін ескертеді. Осыған байланысты, кәсіпкерлердің құқықтары бұзылған жағдайда прокуратура органдарының Call-орталықтарына жүгіну қажет екенін еске саламыз.

Өзгелердің жаңалығы