Елорда нейрохирургтары 74 жастағы науқасқа 2 сатылы күрделі ота жасады

13 Ақпан 2024, 18:50
731
Бөлісу:
Елорда нейрохирургтары 74 жастағы науқасқа 2 сатылы күрделі ота жасады
PHOTO
Фото: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Ұлттық нейрохирургия орталығының Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің дәрігерлері ми тамырларының бірнеше аневризмасын алып тастау үшін екі сатылы күрделі операция жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Егер ота ақылы түрде жүргізілгенде оның құны 10 млн теңгеден асып кеткен болар еді. Ота науқасқа квота бойынша МӘМС аясында жасалды.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының мәлімдеуінше, ми тамырларының аневризмасына ота жасау мамандардың жоғары біліктілігін және заманауи медициналық жабдықты қажет ететін ең күрделі хирургиялық араласулардың бірі саналады. Ота науқасқа квота бойынша МӘМС аясында жасалды.

Елорда нейрохирургтары 74 жастағы науқасқа 2 сатылы күрделі ота жасады

Теміртаудан келген 74 жастағы пациенттің айтуынша, 2023 жылдың жазынан бастап ер адамды қатты бас ауруы, заттарды көрмеуі және жарық сезімінің болмауы, сол көздегі қозғалыстардың шектелуі мазалаған, сондай-ақ жоғарғы қабағы түсіп кеткен.

Дәрігерлер МРТ және селективті церебральды ангиографияға түсіру нәтижелері негізінде пациентте мидың көптеген аневризмаларын, сол жақ ішкі ұйқы артериясының кавернозды-параклиноидты сегментінің 50,3*48,2 мм көлемдегі фузиформды аневризмасын, оң жақ ішкі ұйқы безінің параклиноидты сегменті артерияларияларының 16,5*14,5 мм көлемдегі кездейсоқ фузиформды аневризмасын анықтады.

Өте көлемді аневризма бар пациенттің клиникалық және неврологиялық статусын ескергенде, аневризманың жарылу қаупі өте жоғары болды. Сондай-ақ аневризманың эмболизациясы кезінде тамырдың окклюзиясының қаупі жоғары еді. Консилиум кезінде Ұлттық нейрохирургия орталығының Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің дәрігерлері отаны 2 кезеңде жүргізу туралы шешім қабылдады.

Елорда нейрохирургтары 74 жастағы науқасқа 2 сатылы күрделі ота жасады

Отаның бірінші кезеңі 2023 жылдың қарашасында өтті. Дәрігерлер сол жақ ортаңғы ми артерияларының фронтальды және париетальды тармақтары мен М3-М4 сегменттері арасында протективті экстракраниальды микроваскулярлық анастомоз жүргізді. Сол жақ ішкі ұйқы артериясын микро спиральмен өшірудің рентгендік-тамырлы әдісі. Отадан кейін пациенттің жоғарғы қабағының салбырағаны (птоз) қайтып, неврологиялық статус жақсарды.

Бірнеше күн бұрын пациентке отаның екінші кезеңі - оң жақ ішкі каротид артериясының параклиноидты сегментінің фузиформды аневризмасының рентгендік эндоваскулярлық эмболизациясы телескопиялық ағынды қайта бағыттаушы стенттерді қолдану арқылы жүргізілді.

Пациенттің өзі атап өткендей, ол өзін әлдеқайда жақсы сезінеді және отаның нәтижесіне риза. 

Маған ота жасаған барлық дәрігерлерге алғыс айтамын. Қарағандыда маған ота жасалмады, ауыр жағдай деп, осы орталыққа жіберді. Мен осы жерде ем қабылдағаныма ризамын. Менде қазір бәрі жақсы. МӘМС жүйесінің арқасында барлық емшаралар – тексеру-зерттеулерден бастап оталардың бәрін тегін жасады. Бәріне алғысым шексіз!» – деп бөлісті пациент Нақыпбек Данбаев.

Бұл отаны Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің жетекші нейрохирург дәрігері Шыңғыс Нұриманов жасады. Нейрохирург дәрігер Шыңғыс Нұримановтың айтуынша, көп жағдайда аневризма байқалмайды, және адам кез-келген уақытта өліп кетуі мүмкін екенін білмей жылдар бойы өмір сүре алады.

Елорда нейрохирургтары 74 жастағы науқасқа 2 сатылы күрделі ота жасады

Аневризма жарылғанға дейін адам ыңғайсыздық пен мазасыздық белгілерін сезінбейді. Сондықтан ауруды ерте сатысында анықтау үшін адам кем дегенде бір рет МСКТ – мультиспиральды компьютерлік томография жасату қажет, - деп атап өтті нейрохирург-дәрігер.

Дұрысында, ми тамырларының аневризмасына ота жасау мамандардың жоғары біліктілігін және заманауи медициналық жабдықты қажет ететін ең күрделі хирургиялық араласулардың бірі саналады. Ота науқасқа квота бойынша МӘМС аясында жасалды.

Өзгелердің жаңалығы