Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елорда мектептерінің қорында 3 млн-ға жуық оқулық бар

24 Тамыз 2023, 18:32
729
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Қазіргі уақытта елорда мектептерінің қорында 3 млн-ға жуық оқулық бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа оқу жылына қаланың 100 мектебіне қосымша 833 330 дана оқулықтар мен Оқу әдістемелік құралдары сатып алынды.

Сондай-ақ биыл қала мектептеріне жергілікті бюджет қаражаты есебінен 15 мың данадан аса көркем әдебиет сатып алынды.

Оған қоса, биыл жергілікті бюджет қаражаты есебінен 30 мыңнан аса көркем әдебиет сатып алынады.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, қазіргі таңда 98 мектептің барлық оқушылары үшін электрондық оқулықтар сатып алынды.

Өзгелердің жаңалығы