Елорда мектептерінің барлығы қашықтан оқуға көшірілуі мүмкін

11 Желтоқсан 2020, 11:51
2465
Бөлісу:
Елорда мектептерінің барлығы қашықтан оқуға көшірілуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Коронавирустық инфекцияның елордада таралуы және Нұр-Сұлтан карантин режимінің сақталуын бақылайтын мониторинг тобының жұмысы туралы онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева мәлім етті. 

Оның айтуынша, қазіргі күні елорданың 20 мектебі қашықтан оқытуға көшірілді. 

Қалада күн сайын вирус жұқтырушылар санының артуына байланысты қала мектептерін қашықтан оқытуға көшіру мәселесі қарастырылуда. Бұл жеке меншік мектептерге де қатысты. 10 желтоқсандағы жағдай бойынша 20 мектеп қашықтан оқытуға көшірілді. Олар 14 күнге онлайн режимде оқитын болады, - деді қаланың бас санитар дәрігері. 

Брифингте мәлім болғандай, оқу жылының басынан бері елордада 224 мектеп оқушысы КВИ-ге шалдыққан, оның 179-сы қашықтан білім алады. Байланыста болған 590 бала тексеріліп, сегізінен коронавирус анықталды.

Өзгелердің жаңалығы