Елорда мектептеріндегі орын тапшылығы қалай шешілетіні белгілі болды

4 Сәуір 2023, 11:54
958
Бөлісу:
Елорда мектептеріндегі орын тапшылығы қалай шешілетіні белгілі болды
Фото: egemen.kz

Елорда мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесі қалай шешілетіні белгілі болды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Ғани Бейсенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үшауысымыды мектептер мен оқушыларға орын тапшылығы мәселесі болуына байланысты, биылдан бастап «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру басталды. Бұл іс-шаралар оқушылар үшін орын санының тапшылығының проблемасын шешуге бағытталған. Қазір Астанада жоба аясында 20 мектептің құрылысы басталды, - деп атап өтті министрдің міндетін атқарушы Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Айтуынша, оқушылар үшін орын санының профицитіне ие мектептер де жоқ емес.

Мәселен, екі мектеп қатар орналасты делік, бірі – орын тапшылығымен болса, екіншісі керісінше, профицитке ие. Бұл оқу процесін ұйымдастыру сапасымен байланысты. Сондықтан бұл мәселе жіті зерттеліп, жеке тәртіппен мұқият қаралып, шешілуі үшін Астана қаласы Білім басқармасының басшысына тапсырма берілді, - деді ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы