Елорда мектептерінде бірінші ауысымдағы оқушылар қайтадан қашықтан оқуға жіберілді

Қатты желге байланысты офлайн сабақтар тоқтатылды.

 freepik.com Кеше 2026, 21:57
Кеше 2026, 21:57
463
Фото: freepik.com

Астанада бірінші ауысымда оқитын барлық мектеп оқушылары мен кейбір колледж студенттері қашықтан оқу форматына ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы елорданың білім басқармасы хабарлады.

Ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюіне) байланысты 12 наурыз күні 0–11 (12) сынып оқушылары және 9-сынып негізінде оқитын колледждердің 1–2 курс студенттері бірінші ауысымда қашықтан оқу форматына көшеді, – деп жазылған хабарламада.

"Қазгидромет" мәліметінше, 12 наурызда Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы, қар жаууы күтіледі. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с-қа дейін, кей уақытта 30 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнде ауа температурасы –15…–17°C, күндіз –3…–5°C болады.

Бұған дейін Астанада қатты желдің салдарынан Жеңіс даңғылындағы "Айка" тұрғын үй кешені тұрғын үй кешенінің қасбеті құлағаны хабарланған еді.

Наверх