Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Еркін Отарғалымұлы әкімдікте өткен онлайн брифингте айтты.
Еркін Отарғалымұлы атап өткендей, өрт туындамай улы газдан 27 адам уланған, оның ішінде 19-ы бала.Жыл басынан бері қала аумағында 501 өрт тіркелген. Өрттен келген материалдық шығын 139 млн 332 мың теңгені құрады. Өрттен 54 адам құтқарылып, 310 адам көшірілді. 12 адам жарақат алып, 7 зардап шегушіге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілді, - деді ол.
Олардың жалпы санының 46%-ы немесе 222-сі тұрғын үй секторына тиесілі. Тұрғын үй секторындағы негізгі өрт нысандары: жеке үйлер-147 жағдай, көппәтерлі тұрғын үйлер-52 өрт, өзгелері- 23, - деді ол.