Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда маңында екі жүк көлігінің қатысуымен жол апаты болды, деп жазды Хабар24.
Апат салдарынан бір көліктің дөңгелегі ғана қалды. Жүргізушілердің біреуі ауруханаға түсті. Жол апаты айналма жолда болды. Алдын ала мәлімет бойынша көліктердің бірі Нұр-Сұлтаннан Үркер ауылына бара жатып, көмір тиеген ЗиЛ көлігіне соғылған. 72 жастағы ЗиЛ жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.
Ал екінші көліктің тізгініндегі 21 жастағы жігіт жеңіл жарақат алған. Полицейлер Әкімшілік кодекстің 610-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Кінәлі адам 9 айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.