Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Боран салдарынан елорда мен Қосшы қаласы аралығындағы жолда бірнеше автокөлік және автобус соқтығысты.
Әлеуметтік желідегі тараған видеода 10-нан астам көлік Қосшы қаласы маңында соқтығысқаны көрініп тұр. Олардың арасында жолаушылар автобусы да бар.
Видео авторы боранға байланысты тұрғындарды жолға шықпауға кеңес беріп тұр. Елордалық полиция департаменті осындай жол-көлік оқиғасы болғанын растады. Оқиға орнына полиция наряды барған. Осы орайда көлік апатының себебі мен зардап шеккендер туралы нақты ақпарат қосымша хабарланатын болады.