Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше «қызыл» аймақта болған елорда коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймаққа қайта кірді.
Бұл туралы 1 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы куәландырады, деп хабарлады Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары.
«Жасыл» аймақта: қалған барлық өңір.