Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таңертеңгілік аралау кезінде елорда әкімі Алтай Көлгінов " № 28 "Жұлдыз" санаторийлық балабақшасы мен №64 мектеп-лицейіне барды, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.
Мекеме қоршауының іші ғана абаттандырылған бар, ал қоршаудан тыс асфальт жабыны жоқ . Қала әкімі жаңбырдың басталуына дейін асфальт төсеу қажет екенін атап өтті. Аула ішіндегі жол құрылысының жобасын әзірлеп, жұмысқа кірісу қажет екендігін айтты.Сондай-ақ, А. Көлгінов мектеп-лицейдің жаңа ғимаратының құрылысымен танысты. Ғимарат қосымша 460 оқушы орнын ашады,бұл мектептің толуын едәуір жеңілдетеді. Корпуста кабинеттерден басқа спорт зал және акт залы, асхана бар. Жоспар бойынша обьект 2020 жылы берілуі қажет, бірақ пайдалануға мерзімінен бұрын - ағымдағы жылдың екінші тоқсанда беріледі. Қала әкімі атап өткендей, мектепке баратын жолдарды ойластыру және үш ауысымды оқыту бар 8 оқу орны бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу қажет. Қалада барлығы 108 мектеп бар. Бес жыл ішінде 40 білім беру нысаны салынады. Сондай-ақ, жеке инвесторлар 13 оқу орнын салуға ниет білдіруде.