Елорда әкімі полиция қызметкерлерін құттықтады

21 Маусым 2019, 13:47
2740
Бөлісу:
Елорда әкімі полиция қызметкерлерін құттықтады
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордалық полиция қызметкерлерін келе жатқан полиция күнімен құттықтап, қызмет барысында ерекше көзге түскен қызметкерлерге грамота табыстады. 

Елорда әкімі полиция қызметкерлерін құттықтады
Елорда әкімі полиция қызметкерлерін құттықтады

«Құрметті полиция қызметкерлері, қадірменді ардагерлер. Бүгін антына берік, рухы мықты қоғамдық тәртіпті жіті қадағалап, қаламыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген полиция қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында бас қостық. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында «полиция жұмысы қоғамның жіті назарында Сіздердің қызметтеріңіз ел азаматтарының мүдделерімен, қауіпсіздігімен тығыз байланысты. Полиция ашық болуы тиіс. Ол үшін халықпен тығыз байланыс қажет. Осы мақсатта Елбасы бастаған құқық қорғау жүйесін қолдауды жалғастырамыз. Негізгі міндет – қазақстандықтардың құқығын қорғау ісін мүлтіксіз қамтамасыз ету» деп атап көрсетті», - деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі. 

Елорда әкімі полиция қызметкерлерін құттықтады

Елорда басшысы астаналық полиция қызметкерлеріне артылған жауапкершілік пен қойылатын талаптың жоғары екенін айтты. 

«Тұрғындар саны күн санап көбейіп келе жатқан мегаполистің тыныштығын кірпік қақпай қамтамасыз етіп келесіздер. Нұр-Сұлтан қаласы – отанымыздың жүрегі. Кез келген елдің бас қаласы барлық сала бойынша өзге өңірлерге үлгі.  Біздің астанамыз да аз уақыт ішінде тұрғындар үшін қолайлы, жайлы және инфрақұрылымы дамыған қалаға айналды. Қанша жерден қала гүлденсе де, егер оның қоғамдық  қауіпсіздігі ақсап жатса, тұрғындар үшін жайсыздықтар мен қолайсыздықтар тудырады. Елорданың дамуына сіздердің қосып жатқан үлестеріңіз орасан зор», - деп айтты Көлгінов.

Елорда әкімі полиция қызметкерлерін құттықтады

Ол биыл қылмыс саны 21% азайғанын, жол ережесін бұзу фактілері кемігенін атап өтті. 

«Сіздердің қызметтеріңіздің арқасында жыл басынан бері 2000 жуық мәдени, саяси, спорттық шаралар абыройлы өтті. Әлемдік деңгейдегі ауқымды шаралардың бірқалыпты, заң бұзушылықсыз өтуінің артында полицейлердің қаншама ұйқысыз еткен еңбектері жатқанын терең түсінеміз. Өйткені біз елорданы  азаматтарының өмір сүруіне қолайлы өркендеген шаһарға айналдыру үшін қызмет етеміз. Ол үшін қауіпсіздік мәселесі ең бірінші кезекте. Сондықтан полиция қызметкерлері сіздерге шынайы ризашылығымызды білдіреміз», - деді қала басшысы ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өткен салтанатты іс-шарада.

Шараға полиция департаменті басшылығы, жеке құрам, ішкі істер органдары ардагерлері және қызметтік борышын атқару кезінде қаза болған полиция қызметкерлерінің туыстары қатысты.



Өзгелердің жаңалығы