Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды кезекті қабылдауын өткізді. Елорда тұрғындары дәрі-дәрмек, білім алуға және балабақшаға жолдама алуға, жұмыс табуға және жеке ісін дамытуға көмек сұрап келді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.
Қабылдау барысында аудан әкімдері, басқарма басшылары және олардың орынбасарлары тұрғындарға әрдайым ақпаратты толық жеткізбейтіні және жүргізіліп жатқан жұмыс жоспарлары мен көмек көрсету шаралары туралы қарапайым тілде түсіндірмейтіні анықталды.
Нұргүл Иманғалиеваның айтуынша, оны ешкім қабылдамаған және жаңбыр кезінде баламен бірге ғимараттан шығарып жіберген. Өз кезегінде Асқар Бекмағамбетов өз проблемаларымен бөлісті. Ол отбасымен бірге Селикатный ауылында тұрады, үйі апатты жағдайда деп танылған. Қазіргі уақытта ғимаратта 50-ге жуық адам тұрады. Қазірдің өзінде кіреберістің бір есігі сынған.
«Біз үйіндінің астыңда қалып қоямыз ба деп қорқамыз. Бізге үйімізді қашан құлататынын және қай уақытта көшіретінін айтпайды», - деді А. Бекмағамбетов.
Қала әкімі Алтай Көлгінов Селикатный ауылындағы үйлерге баруды жұмыс кестесіне енгізді. Қала басшысы әріптестерімен бірге халықпен нақты кері байланыс орнату қажет екенін атап өтті.
«Жұмысқа деген қатынасты өзгертіңіздер. Біз халықпен бірге болуымыз керек. Адамдарға қарапайым ортақ тілмен түсіндіріп, олардың өтініштерін зейін қойып тыңдау керек. Олар біздерге өз шешілмей жүрген мәселелерін айтып, көмек сұрап келеді. Қағазбастылықпен айналысудың керегі жоқ! Олар қала тұрғындары. Жұмыстарыңызға деген көзқарасты өзгертіңіздер. Жауапкершілікті бір-бірлеріңізге жүктей бермей, хабарлап, айтып жұмыс істеу керек», - деді қала басшысы А.Көлгінов.
А.Көлгінов тұрғындардың өтініштерін тыңдап, мәселелерінің шешімін іздеп, хабарлап тұру қажет деді. Жалпы қабылдау жүргізілген бір айда 200-ден астам адам қабылдады.