Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Алтай Көлгінов үш ай уақыт ішінде 400-ден астам адамды жеке қабылдады, бүгін 14 тұрғынды жеке қабылдады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайтында.
Елорда тұрғындары жұмысқа орналасу, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, білім беру мекемелеріне балаларды анықтау, білім алу және т.б. сұрақтар қойды. Сұрақтардың басым бөлігі шешілді, қалғандары бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Сенбі және жексенбі күндері А. Көлгінов 54 адамды қабылдады. Сондай-ақ, азаматтарды қабылдау аудандық әкімдіктерде және "Жанұя" отбасы институтының қолдау орталығында өтеді. Орталық бір ай бұрын ашылды, осы уақыт ішінде орталыққа 2707 адам жүгінді. Сұрақтардың басым бөлігі атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға және несие қарызын есептен шығаруға қатысты болды. Орталықта "бір терезе" қағидаты бойынша 70-тен астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі», - делінген хабарламада.