Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында шамамен 108 іс-шара өтеді, оның 80-нен астамы тегін. Бағдарлама әлеуметтік бағытқа арналған және көрермен кɵп қатысады деп жоспарлануда, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.
Астана күнін мерекелеу аясында өтетін ақылы концерттер мен театрландырылған қойылымдардың билеттерін сатудан түскен қаржы қайырымдылық мақсаттарға жұмсалады. Концерт ұйымдастырушылары билет сатудан түскен қаржы Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына арналған көмек қорының шотына аударылатынын айтты."Мәскеулік "Современник" театрының гастролі, Тұрсынбек Қабатовтың "КТА" жобасы, және тағы басқалары ұйымдастырылады. Сонымен қатар, қала күні аясында Есіл өзенінің жағалауында, Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысындағы саябақта, "Хан Шатыр" сауда-ойын-сауық орталығының аумағында жоспарланған мерекелік отшашу болмайды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бастамасын мерекелік салюттардың демеушілері қолдап, арнайы қарастырылған қаржыны Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсету қорына аудармақ", - делінген таратылған ақпаратта.