Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аурухананың реанимация бөлімінде 24 жастағы жігіт көз жұмды.
Бұл туралы AlmatyTV жазды.
Соңғы екі күнде ол ауыр халде жатқан. Реанимация бөлімінде тағы екі зардап шегуші бар.
Қаза болған жігіт ауыр ми жарақатын алған. Нұр-Сұлтан қаласының көпсалалы №2 ауруханасына түскен ол Ұлттық нейрохирургия орталығы мамандарының бақылауында болды. Алайда атқарылған шараларға қарамастан, пациентті құтқару мүмкін болмады, - деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әйгерім Ардаққызы.
Естеріңізге сала кетейік, өткен демалыста Нұр-Сұлтан қаласының Шұбар ауданындағы кафелердің бірінде газ баллоны жарылып, 30 шақты адам зардап шекті, кафенің бір қызметкері оқиға орнында қаза тапты. Аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.