Елорда дәріханаларына 5 млн бетперде әкелінді – әкімдік
Елорда дәріханаларына 5 млн бетперде әкелінді – әкімдік
<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігі дәріханаларға қосымша 5 миллион медициналық маска жеткізді. 23 наурыздан бастап қалаға 3 млн 300 мыңнан астам маска әкелінді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.</h4>
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігі дәріханаларға қосымша 5 миллион медициналық маска жеткізді. 23 наурыздан бастап қалаға 3 млн 300 мыңнан астам маска әкелінді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Қалалық емханаларға онкологиялық аурулармен ауыратын, жүкті және 65 жастан асқан адамдарға арналған 300 мың маска берілді. Елбасының тапсырмасына сәйкес "Біргеміз" акциясы аясында 2 млн маска бөлінді. Олар 40 мың аз қамтылған отбасыға таратылады. Қазіргі таңда 1 млн 370 мың маска таратылды.
Республикалық еріктілер фронт-офисы ұйымдастырған "Біргеміз!" акциясы аясында елордалық жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі балаларға 100 мың маска таратылды. 30 мың маска елорда тұрғындарына тегін берілді. Елордада медициналық масқа тігу өндірісі жолға қойылған.