Елорда дәріханаларына 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды

26 Тамыз 2020, 12:40
2100
Бөлісу:
Елорда дәріханаларына 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы қалалық дәріханаларға жүргізілген мониторинг нәтижелері және медициналық мекемелерге гуманитарлық көмек тарату тақырыбында өткен онлайн брифингте «Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі, қалалық мәслихат депутаты Мирас Шекенов айтты. 

Мониторинг нәтижесінде қаланың 119 дәріханасына рейд жүргізілген. «СҚ-Фармацияның» қоймаларына 43 рейд жүргізілді. Дәріханалардың 13 иесі хаттама толтырып, 2 млн теңгеден астам айыппұл санылған. 
Азаматтардан дәрілік препараттарға қатысты  60 өтініш келіп түсті. Олардың барлығы тексерілді. Материалдың барлығы өкілетті департаментке жолданды. Қазіргі таңда тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бағаны реттеу тәртібін бекітуді тапсырды. Жарты жылда бір рет денсаулық сақтау министрлігі жеке және көтерме дәрі-дәрмектің бағасын бекітеді, - деді ол. 
Мирас Шекенов айтып өткендей, аталған акцияның мақсаты халықты ақпараттандыру мен дәрілік препараттарға деген бағаны ұстап тұруға бағытталған. 
Дәрілік заттарды қымбатқа сатқан дәріханаларға айыппұл салынады. Жеке тұлғаға 70 АЕК, ал лауазымды тұлғаларға 100 АЕК-ге дейін айыппұл қарастырылған. ШОБ субъектілеріне 130 АЕК, орта кәсіпкерлікке 200 АЕК, ірі кәсіпкерлікке 1000 АЕК айыппұл бар, - деді ол. 
Шекенов айтып өткендей, бұл жұмыстар жалғасын табады.
Өзгелердің жаңалығы