Елорда аумағын масадан зарарсыздандыру жоспары 20%-ға ұлғайды

16 Сәуір 2020, 04:15
1918
Бөлісу:
Елорда аумағын масадан зарарсыздандыру жоспары 20%-ға ұлғайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында маса мен шыбын-шіркейлерге қарсы дезинсекциялау жұмыстары басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қазір жұмыстар таңертең және түнгі уақытта жүргізілуде. Бірінші кезеңде жертөлелер, су қоймалары қамтылатын болады. Ағымдағы жылы масалардан зарарсыздандыру жоспары қала аумағында 20%-ға, су қоймаларында 25%-ға ұлғайды.

Су қоймалары мен қорғаныс бөгеттерін дер кезінде өңдеп, масаларды дернәсіл кезеңінде жою маңызды. Бұл шара масалардың қаланың кварталішілік аумақтарында көбеюі болдырмауға мүмкіндік береді. Масалардың көбеюі үшін қолайлы жағдайдың туындауына байланысты, 15 сәуірден бастап қаланың су айдындарында және қорғау кедергілерінде жәндіктерге қарсы кең ауқымды дезинсекция жұмыстары басталды, – деді қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев.

Сонымен қатар, алғашқы кезеңнен соң дезинсекция жұмыстары қаланың кварталішілік аумақтарында, саябақтарда, скверлерде, көшелерде жүргізілетін болады.

Масамен тиімді күресуде жертөле, мектеп, балабақша аумақтарын, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарын, базарларды, сауда үйлерін өңдеу де маңызды.
Өзгелердің жаңалығы