Елорда әуежайында қалыптасқан жағдайды арнайы құрылған комиссия тексереді – ИИДМ

10 Маусым 2022, 13:22
1079
Бөлісу:
Елорда әуежайында қалыптасқан жағдайды арнайы құрылған комиссия тексереді – ИИДМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің БАҚ-тағы наразылығына орай жедел шаралар қабылдап, пікір білдірді.

Әуежай қызметкерлерінің шағымын жан-жақты, толық әрі объективті тексеру мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 10 маусымдағы №332 Бұйрығымен арнайы комиссия құрылды.

Комиссия елордалық әуежай қызметкерлерінің арызында көрсетілген мәселелерді жіті тексереді. Комиссия жұмысының барысын министр Қайырбек Өскенбаев тікелей бақылауына алды. Тексеріс қорытындысы бойынша арнайы шаралар мен тиісті шешімдер қабылданатын болады.

Өзгелердің жаңалығы