Елорда әуежайы жолаушыларды гүлмен қарсы алды

Әуежайда 2200 адам жұмыс істейді, олардың ішінде 860-қа жуық әйел бар.

8 Наурыз 2023 2023, 11:15
АВТОР
 Әуежай баспасөз қызметі 8 Наурыз 2023 2023, 11:15
8 Наурыз 2023 2023, 11:15
1216
Фото: Әуежай баспасөз қызметі

Елорданың әуе айлағы Халықаралық әйелдер күніне орай барлық жолаушыларды гүл шоқтарымен қарсы алып, шығарып салды, деп хабарлайды BAQ.KZ әуежай баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әуежайда 2200 адам жұмыс істейді, олардың ішінде 860-қа жуық әйел бар. 

Әуе айлағының күнделікті жолаушылар ағыны 10 мыңнан асады, оның тең жартысы нәзік жандылар. 

Сондай-ақ, «Менің анам әуежайда жұмыс істейді» тақырыбында қызметкерлердің балалары арасында суреттер көрмесі өткізілуде. 

Оған 50-ге жуық бүлдіршін қатысты. 

Наверх